Асу Алмабаев UFC рейтингінде бір саты жоғарылады
Рейтингтің көшін бұрынғысынша Алешандре Пантожа бастап тұр.
UFC
Қазақстандық UFC шебері Асу Алмабаев жеңіл салмақтағы рейтингтегі орнын жақсартты. Бұл өзгеріс оның АҚШ өкілі Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін тіркелді.
Асу Алмабаев пен Чарльз Джонсон Әзербайжанның Баку қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде кездесті. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталып, қазақстандық спортшы қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Осы нәтижеден кейін Асу Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі жаңартылған рейтингінде жетінші орыннан алтыншы сатыға көтерілді.
Ал бұған дейін алтыншы орында тұрған жапониялық Кёдзи Хоригути жетінші орынға сырғыды. Чарльз Джонсон үздік 15 спортшының қатарынан шығып қалса, оның орнына рейтингке америкалық Джозеф Моралес енді.