Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлеріне сыйақы берілді

Сыйақының жалпы көлемі 388 миллион теңгеден астам.

Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлеріне сыйақы берілді ашық дереккөзден

Қазақстан Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы тағайындау туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді. 

Жалпы сыйақы көлемі 388 миллион теңгеден асты. Қаржылай марапат Паралимпиада чемпионы мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ үздік алты орынға енген спортшыларға және олардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына берілді.

Мемлекеттік сыйақыға пара биатлон, пара шаңғы жарысы және пара шаңғы эстафетасында жоғары нәтиже көрсеткен Ербол Хамитов, пара шаңғы жарысы мен эстафетада жүлде алған Александр Герлиц, сондай-ақ пара шаңғы эстафетасының жүлдегері Владислав Кобаль ие болды.

Сонымен қатар, Паралимпиада чемпионына жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, чемпионға әкімдік коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.

Осылайша, мемлекет халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтатқан параспортшылар мен олардың бапкерлерінің еңбегін лайықты деңгейде бағалап отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу