Елена Рыбакина Уимблдонды жеңіспен бастады
Рыбакина - Уимблдондағы басты фавориттердің бірі.
Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, жарыстың екінші айналымына жолдама алды.
Лондондағы әйгілі «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқы кезеңінде Рыбакина әлемдік рейтингте 154-орында тұрған Франция өкілі Лоис Буассонмен кортқа шықты. Кездесу тартысты өрбігенімен, қазақстандық теннисші шешуші сәтте өзінің жоғары деңгейін дәлелдеп, қарсыласын үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді. Сонымен қатар ол қарсыласының он брейк-пойнтының екеуін сәтті пайдаланып, маңызды жеңіске қол жеткізді.
Енді Рыбакина екінші кезеңде әлемдік рейтингтің 50-сатысында тұрған америкалық Кэти Макналлимен кездеседі. Макналли алғашқы айналымда румыниялық Елена-Габриэла Русені екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Рыбакина - Уимблдондағы басты фавориттердің бірі. Қазақстандық спортшы бұл турнирде бұған дейін чемпиондық атақты жеңіп алған тәжірибелі теннисші ретінде тағы бір жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.
Айта кетейік, Уимблдон-2026 турнирі 29 маусым мен 12 шілде аралығында Лондон қаласында өтуде. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 64,2 миллион фунт стерлингті құрайды.