«Қайрат» футзалдан 22 дүркін Қазақстан чемпионы атанды
Чемпиондық тәж бүгін «Қайратқа» бұйырды.
ашық дереккөзден
Алматының «Қайрат» футзал клубы 2025/26 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.
Финалдық серияның шешуші, бесінші кездесуі Семей қаласында өтіп, 3:2 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды.
Кездесу «Қайраттың» белсенді шабуылымен басталды. Матчтың екінші минутында Эдсон есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Алайда тоғызыншы минутта Камиль Герейханов таразы басын теңестіріп, алғашқы тайм 1:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймның басында «Семейдің» қақпашысы Лео Игита Эдсон орындаған пенальтиді қайтарып, командасын голдан құтқарды. Соған қарамастан, 24-минутта Жахангир Рашит «Қайратты» қайта алға шығарды.
Матчтың 33-минутында Кандидо мергендік танытып, «Семейдің» есепті теңестіруіне мүмкіндік берді. Нәтижесінде жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. Экстра-таймда Біржан Оразов шешуші голды соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, финалдық серия өте тартысты өтті. Алғашқы төрт кездесуден кейін есеп тең болған еді. «Қайрат» 3:2 және 2:1 есептерімен жеңіске жетсе, «Семей» 3:2 және 4:2 нәтижелерімен жауап қайырды. Чемпион тағдыры шешілген бесінші кездесуде «Қайрат» жеңіске жетіп, 2025/26 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.