Алғаш рет қазақстандық шахматшы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Бибісараның еншісінде 2538 рейтингтік ұпай бар.

Алғаш рет қазақстандық шахматшы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді ашық дереккөзден

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) шілде айындағы жаңартылған рейтингінде тарихи жетістікке қол жеткізді. 22 жастағы отандасымыз бірден екі сатыға көтеріліп, алғаш рет әлемнің үздік бес шахматшысының қатарына енді.

Жаңартылған рейтингте Бибісараның еншісінде 2538 рейтингтік ұпай бар. 

Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің көш басында 2596 ұпаймен қытайлық Хоу Ифань тұр. Одан кейін Лэй Тинцзе (2566), Цзюй Вэньцзюнь (2560) және Чжу Цзиньэр (2550) орналасқан. Ал үздік бестікті Бибісара Асаубаева түйіндеді.

Жыл басында ғана әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Асаубаева жарты жылдың ішінде 41 рейтингтік ұпай қосып, алты сатыға жоғарылап, шахматтан әлем элитасының қатарына қосылды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу