Мексика Эквадорды ұтып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Әлем чемпионатының қожайындарының бірі Мексика мундиальдың басты фавориттерінің қатарына қосылды.

Мексика Эквадорды ұтып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты Getty Images

Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Мексика құрамасы Эквадорды 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Кездесу қолайсыз ауа райына байланысты бір сағатқа кешіктірілді. Соған қарамастан, мексикалықтар алаңға шыққан сәттен бастап ойын тізгінін өз қолына алды. Матчтағы есепті Хулиан Киньонес ашса, кейін тәжірибелі шабуылшы Рауль Хименес гол соқты. Бұған қоса, Киньонес бір нәтижелі пас беріп, матчтың басты қаһармандарының біріне айналды.

Кездесудің қосымша уақытында Эквадор құрамасының қорғаушысы Пьеро Инкапье қарсылас ойыншысы Сантьяго Хименеспен болған сөзталас кезінде спортқа жат қылығы үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бұл жеңістен кейін Хавьер Агирре жаттықтыратын Мексика құрамасы қатарынан төртінші матчында өз қақпасына гол жібермей, сенімді ойын өрнегін жалғастырды.

Енді Мексика әлем чемпионатының 1/8 финалында Англия мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Бұл матч АҚШ-тың Атланта қаласында өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу