Атақты италиялық теннисші Алматыдағы ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді

Әлемдік теннистің танымал өкілдерінің бірі, италиялық Лучано Дардери биыл Алматыда өтетін ATP 250 Almaty Open турниріне қатысатынын ресми түрде растады.

Атақты италиялық теннисші Алматыдағы ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді ашық дереккөзден

17-25 қазан аралығында Алматыда ұйымдастырылатын беделді додада 24 жастағы италиялық теннисші жанкүйерлер алдында өнер көрсетеді. 

Дардери соңғы жылдары ATP турында қарқынды дамып келе жатқан ойыншылардың бірі саналады.

Биылғы маусымда ол мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, әлемдік рейтингте 16-орынға дейін көтерілді. Сонымен қатар италиялық спортшы ATP 250 санатындағы турнирлерде бес рет чемпион атанған.

Жыл сайын мықты теннисшілердің басын қосатын ATP 250 Almaty Open турнирі әлемдік ATP күнтізбесіне енген және Қазақстандағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі саналады.

Айта кетейік, Лучано Дардеримен қатар әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, Us-open-2021 чемпионы Даниил Медведев, әлемнің 18-ракеткасы Карен Хачанов та Алматыда өтетін турнирге қатысатындарын растады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу