Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингтің көшін бастады

Әлемдік бокста Қазақстанның айбыны асқақтап тұр.

Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингтің көшін бастады ашық дереккөзден

World Boxing ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасының бірқатар өкілдері жоғары орындарын сақтап қалды. 

Әлемдік рейтингте бірден бес қазақстандық өз салмақ дәрежесінде көш бастап тұр. Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бірінші орында келеді.

Сонымен қатар, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) әлемдік рейтингтің екінші сатысына жайғасты.

Үздік үштікте Қазақстанның тағы бірнеше былғары қолғап шебері бар. 60 келіде Виктория Графеева үшінші орынға көтерілді. Ол биыл Әлем кубогының екі кезеңінде де алтын жүлде иеленіп, тұрақты нәтижесінің арқасында рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартты.

Бұдан бөлек, Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Нұрбек Оралбай (85 келі) де үздік үштік қатарындағы орындарын сақтап қалды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу