Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу салтанаты өтті

Жаңа университет елімізде спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз.

Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу салтанаты өтті ашық дереккөзден

Астанада Орталық Азиядағы ірі спорттық білім беру жобаларының бірі - Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара New Era of Sport: KNUS 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) президенті Ненад Лалович, Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринеску, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің (WADA) өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының басшылары мен шетелдік жоғары оқу орындарының делегациялары қатысты.

Университеттің құрылтайшысы Нұрасыл Медеудің айтуынша, жаңа оқу орны соңғы бес жылда жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесі. Бүгінде университет спорт ғылымына және спорт индустриясына қажетті мамандарды даярлайтын заманауи білім беру және ғылыми орталық ретінде дамып келеді.

Іс-шара барысында қонақтарға университеттің жаңа кампусы, ғылыми зертханалары, білім беру хабтары мен заманауи спорт инфрақұрылымы таныстырылды. Университет басшылығы оқу орнының алдағы уақытта халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, спорт ғылымын дамытуға және әлемдік деңгейдегі мамандар даярлауға басымдық беретінін мәлімдеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу