Елена Рыбакина «Уимблдонның» үшінші айналымына шықты
Елена Рыбакина турнирде жеңіске жетсе, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.
championat
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдонда» америкалық Кэти Макнэллимен кездесіп, матчты небәрі екі сетте - 6:1, 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Рыбакина «Уимблдонның» 1/16 финалына шығып, енді бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі. Кездесу 4 шілдеге жоспарланған.
Екі теннисші осыған дейін сегіз мәрте кездескен. Оның жетеуінде жеңіс Рыбакинаның еншісіне бұйырса, бір матчта Мертенс басым түскен.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында франциялық Луа Буассонды 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, биылғы «Уимблдонның» жалпы жүлде қоры 74,3 миллион еуродан асады. Ал жекелей сындағы чемпион 4,16 миллион еуро сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Рыбакина бұл турнирде өткен жылғы үшінші айналым үшін алған ұпайларын қорғап жатыр және жарысты сәтті аяқтаса, әлемнің бірінші ракеткасы атануға мүмкіндік алады.