Роналду бастаған Португалия Хорватияны жарыс жолынан шығарды
Бүгін Роналду мансабындағы 976-голын соқты.
ашық дереккөзден
Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия құрамасы Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің 1/8 финалына шықты. Торонто қаласында өткен тартысты кездесудің тағдыры матчтың соңғы секундтарына дейін шешілген жоқ.
Есепті екінші таймның 53-минутында Хорватия құрамасының тәжірибелі шабуылшысы Иван Перишич ашып, өз командасын алға шығарды. Алайда португалиялықтар көп ұзамай таразы басын теңестірді. 68-минутта Криштиану Роналду пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті 1:1-ге жеткізді. Осылайша Роналду әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы, ал мансабындағы 976-голын соқты.
Матч жеңімпазы қосымша уақыттың соңғы минуттарында анықталды. 90+4-минутта Гонсалу Рамуш қарсылас қақпасын дәл көздеп, Португалияға жеңіс сыйлады.
Хорватия соңғы сәтке дейін күресті. 90+13-минутта айып добынан кейін қорғаушы Йошко Гвардиол баспен гол соғып, есепті теңестіргендей болды. Алайда бас төреші, норвегиялық Эспен Эскос VAR көмегімен эпизодты қарап, шабуылды бастаған Марио Пашалич офсайдта болғанын анықтап, голды есепке алған жоқ.
Осылайша, Португалия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Енді португалиялықтар 1/8 финалда Аустрияны 3:0 есебімен жеңген Испания құрамасымен кездеседі.