Александр Бублик Уимблдонда үшінші айналымға жолдама алды

Александр Бублик үшінші кезеңде Фрэнсис Тиафомен кездеседі.

Александр Бублик Уимблдонда үшінші айналымға жолдама алды ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінде жарыстың үшінші айналымына шықты. 

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және турнирде 10-нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші екінші кезеңде әлемнің 139-ракеткасы, франциялық Кириан Жакемен кездесті.

Бублик қарсыласын үш сетте айқын басымдықпен жеңді - 6:3, 6:4, 7:6 (7:5). Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.

Матч барысында қазақстандық теннисші 15 эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланып, ойынның шешуші сәттерінде жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.

Осылайша, Александр Бублик қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, Уимблдонның үшінші айналымына шықты. Енді ол келесі кезеңде америкалық Фрэнсис Тиафомен кездеседі. Тиафо Ұлыбритания өкілі Ян Чоинскиді  4:6, 6:2, 7:5, 6:2 есебімен жеңді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу