Еркебұлан Тоқтар қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді
Алматыдағы әсерлі жеңіс қазақстандық файтердің бабында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
ашық дереккөзден
Алматы қаласында өткен IBA Nomad 15 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар жарқын жеңіске қол жеткізді.
Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшыға ресейлік Артем Тарасов қарсы тұрды. Үш раундқа жоспарланған кездесу ұзаққа созылмай, бірінші раундта-ақ аяқталды. Еркебұлан қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, IBA Nomad лигасы жекпе-жектерді «ММА-ның тұрып айқасу» (Standing MMA) ережесі бойынша ұйымдастырады. Бұл форматта спортшыларға күрес әдістерін қолдануға рұқсат етілмей, негізгі басымдық соққы техникасына беріледі.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу