Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдонды жеңіспен бастады
Қос теннисшіміз 7-шілде күні 1/16 финал аясында жарыс жолына шығады.
ашық дереккөзден
Қазақстандық жас теннисшілер Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Сегізінші нөмірмен тіркелген 18 жастағы Заңғар Нұрланұлы алғашқы айналымда словакиялық Леон Слободаны үш сетке созылған тартысты кездесуде 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:2) есебімен жеңді. 2 сағат 28 минутқа созылған матчтан кейін қазақстандық теннисші 1/16финалға шығып, енді аустралиялық Дэниел Жовановскимен кездеседі.
Дамир Жалғасбай да алғашқы айналымда сенсация жасады. Ол турнирдің жетінші ракеткасы, аустриялық Тило Берманнды 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:8) есебімен ұтты. 2 сағат 13 минутқа созылған тартысты кездесудің нәтижесінде қазақстандық теннисші екінші айналымға жолдама алып, енді Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Коннор Дойгпен күш сынасады.
Осылайша, Қазақстанның екі өкілі де жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирін жеңіспен бастап, жарыстың келесі кезеңіне өтті.