Бельгия АҚШ-ты тас-талқан етті

Бельгия 1/4 финалда Испаниямен кездеседі.

Бельгия АҚШ-ты тас-талқан етті ашық дереккөзден

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгия құрамасы АҚШ-ты 4:1 есебімен тас-талқан етіп, ширек финалға жолдама алды.

Сиэтлде өткен кездесуде бельгиялықтар ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытты. Матчтың 9-минутында Шарль Де Кетеларе есеп ашса, 31-минутта Малик Тиллман таразы басын теңестіріп, АҚШ құрамасына үміт сыйлады.

Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылған жоқ. Араға екі минут салып Де Кетеларе дубль авторы атанып, Бельгияны қайта алға шығарды. Екінші таймда бельгиялықтардың шабуылы жалғасып, 57-минутта Ханс Ванакен қарсылас қақпашысының қателігін тиімді пайдаланып, үшінші голды соқты.

Қосымша уақыттың үшінші минутында тәжірибелі шабуылшы Ромелу Лукаку ойынның нүктесін қойып, матчтың есебін 4:1-ге жеткізді.

Осылайша Бельгия әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алып, енді Испания құрамасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Қос мықтының кездесуі 11 шілде күні Қазақстан уақытымен 00:00-де өтеді.

Осылайша мундиальды ұйымдастырушы үш елдің ешқайсысы әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу