XDS Astana велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде алғаш рет жүлдегер атанды
«Тур де Франстың» 5-кезеңі Ланнемезаннан басталып, По қаласында мәресіне жетті.
ашық дереккөзден
XDS Astana Team велошабандозы Макс Кантер «Тур де Франс» көпкүндігінің бесінші кезеңінде екінші орын алып, алғашқы кезеңдік жүлдесіне қол жеткізді. Ол 158,3 шақырым жарыс жолын 3 сағат 29 минут 7 секундта бағындырды.
По қаласында өткен кезеңде қазақстандық команда тамаша тактикалық жұмыс көрсетті. Кезеңнің шешуші сәтінде XDS Astana Team Кантерді соңғы шақырымда қолайлы орынға шығарып берді. Неміс велошабандозы мәреге 200 метр қалғанда спринтті бастап, тек нидерландылық Олав Койға жол беріп, екінші болып келді.
«Команда бүгін маған керемет қолдау көрсетті. Жігіттер жарыс бойы су мен мұз жеткізіп, топ ішінде жақсы позицияны сақтауға көмектесті. Соңғы шақырымда сабыр сақтап, алдыңғы қатардан түспеуге тырыстық. Жоспарымыз толық орындалмаса да, жағдайға тез бейімделдік. Мәреге талас өте тартысты болды. Бұл менің “Тур де Франс” кезеңдеріндегі алғашқы жүлдем. Әрине, қуаныштымын!», - деді Макс Кантер.
Осылайша, Макс Кантер «Тур де Франс» кезеңдеріндегі мансабындағы алғашқы жүлдесін иеленіп, XDS Astana Team үшін де маңызды нәтиже тіркеді.