ҚФФ ұлттық құрама бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті

Ұлттық құраманы тізгіндейтін лайықты маман әзірге табылған жоқ.

ҚФФ ұлттық құрама бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті ашық дереккөзден

Бүгін, 9-шілде Қазақстан футбол федерациясының Техникалық даму комитеті ұлттық құраманың жаңа бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті.

Үміткердің қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиындары мен ресми матчтарда тиімді жұмыс істей алуы, тактикалық икемділігі, көшбасшылық қасиеті және көпсалалы бапкерлер штабын жасақтай білуі негізгі талаптардың қатарында көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, 22-маусым күні Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Оның жетекшілігімен командамыз ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартқан болатын. ҚФФ қазіргі уақытта ұлттық құрамаға жаңа бапкер іздестіруде.  

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу