Дастан Сәтбаев «Челсидің» негізгі құрамымен алғашқы жаттығуын өткізді
Жас талантымыз атақты «Челси» клубында өнер көрсетеді.
ашық дереккөзден
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамымен алғашқы жаттығуына қатысып, жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен жұмысын бастады.
Команда ойыншылары маусым алдындағы дайындық аясында клубтың Кобхэмдегі жаттығу базасына жиналды. Футболшылар дәстүрлі медициналық тексеруден өткеннен кейін жасыл алаңға шығып, алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бұл жаттығуға қазақстандық талант Дастан Сәтбаев та қатысты.
«Челсидің» ресми сайты жаттығу барысынан фотосуреттер жариялап, олардың қатарында Сәтбаевтың да болғанын көрсетті. Бұл жас шабуылшының лондондық клубтың негізгі құрамымен өткізген алғашқы ресми жаттығуы.
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев 2025 жылдың ақпан айында «Челсимен» келісімшартқа қол қойған болатын. Трансфер құны бонустарды қоса есептегенде шамамен 4,3 миллион еуроны құрап, Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер атанды.
Халықаралық трансфер ережелеріне сәйкес 18 жасқа толғаннан кейін Сәтбаев 2026 жылдың 12 тамызында ресми түрде «Челси» ойыншысы мәртебесіне ие болады. Оған дейін ол клубтың жүйесінде дайындалып, негізгі құрамға бейімделу жұмыстарын жалғастырады.