Конор Макгрегор бес жылдан кейін октагонға оралды
Бүгін UFC 329 турнирі алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті.
ашық дереккөзден
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 329 турниріне қатысатын спортшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Кештің басты жекпе-жегінде ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Макс Холлоуэй жартылай орта салмақта октагонға шығады. Бұл қос спортшының реваншы болмақ. Олар алғаш рет 2013 жылы кездесіп, сол жолы Макгрегор төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.
Алдағы айқас Конор Макгрегор үшін бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Ресми салмақ өлшеу кезінде ирландиялық файтер 170,5 фунт (шамамен 77,3 келі) көрсетті. Бұл титулдық емес кездесулер үшін рұқсат етілген салмақ.
Ал Макс Холлоуэйдің салмағы дәл 170 фунтты (77,1 келі) құрады. Бұрын жеңіл және жартылай жеңіл салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен америкалық үшін бұл жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жек болады.
UFC 329 турнирі Астана уақытымен 12 шілдеге қараған түні өтеді. Жекпе-жек кешінің басты оқиғасы ретінде Макгрегор мен Холлоуэй арасындағы реванш жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр.