Зілтемірші Нұржан Жұмабай әлем чемпионы атанды
Жұмабайдың жарқын жеңісінің құрметіне жарыс аренасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, Көк Туымыз биікте желбіреді.
ашық дереккөзден
Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Нұржан Жұмабай алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (155+193) бағындырып, қарсыластарынан озық шықты.
Сонымен қатар Нұржан Жұмабай серпе көтеруде 193 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасындағы осы салмақ дәрежесі бойынша жаңа әлем рекордын орнатты. Бұл көрсеткіш әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік нәтиже ретінде тіркелді.
Күміс жүлдені Испания өкілі Эрик Гуадамуд иеленді. Ол қоссайыста 344 келі (156+188) көтерді. Ал қола медаль Мексика спортшысы Хосе Мантильяға бұйырды. Оның нәтижесі - 335 келі (151+184).