Әлем чемпионатынан оралған 25 жастағы африкалық футболшының қазасы жұртты есеңгіретті

Жас футболшы әлем чемпионатында 3 ойында алаңға шыққан болатын.

Әлем чемпионатынан оралған 25 жастағы африкалық футболшының қазасы жұртты есеңгіретті ашық дереккөзден

Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық құрамасы мен «Мамелоди Сандаунз» клубының жартылай қорғаушысы Джейден Адамс 25 жасында қайтыс болды.

Қайғылы хабарды ойыншының бапкері растады. Әзірге оның өліміне не себеп болғаны ресми түрде жарияланған жоқ. 

«Бұл қаза бәрімізге ауыр тиді. Әлем чемпионатынан енді ғана оралған едік. Бейсенбі күні сөйлестік. Ол жаңа маусымға үлкен ынтамен дайындалып жүрген. Мұндай жағдай болады деп ешкім ойлаған жоқ», - деді бапкер. 

Джейден Адамс 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде Оңтүстік Африка құрамасы сапында топтық кезеңнің үш матчында алаңға шықты. Алайда 1/16 финалда Канада құрамасына қарсы кездесуге қатысқан жоқ. Ұлттық құрама жейдесінде тоғыз матч өткізіп, бір гол соққан.

Клубтық мансабында Адамс «Мамелоди Сандаунз» және «Мамелоди Стелленбос» сапында өнер көрсетті.

25 жастағы талантты футболшының мезгілсіз қазасы Оңтүстік Африка футболы үшін орны толмас ауыр қайғыға айналды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу