Қуат Хамитов Арман Царукянға есе жіберді
Қуат Хамитов 0:11 есебімен жеңіліс тапты.
ашық дереккөзден
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Грузия астанасы Тбилисиде өткен RAF Georgia еркін күрес турнирінде армениялық Арман Царукянмен күш сынасты.
Кездесу барысында UFC жұлдызы саналатын Царукян айқын басымдық танытып, үшінші кезеңде қарсыласын 11:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек алдында да армениялық спортшы осы бәсекенің басты фавориті саналған еді.
Енді Арман Царукян 18-шілде күні RAF 11 турнирінде Колби Ковингтонмен өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы ресми ММА жекпе-жегін биыл ақпан айында өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен бразилиялық Алан Силваны жеңген болатын.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу