ҚПЛ-да сенсация: «Ордабасы» алғаш рет жеңіліс тапты

Бүгінгі жеңіліске қарамастан шымкенттік клуб турнирлік кестедегі көшбасшылығын сақтап қалды.

ҚПЛ-да сенсация: «Ордабасы» алғаш рет жеңіліс тапты ашық дереккөзден

Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында «Каспий» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын 3:2 есебімен жеңіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

Қызылордада өткен кездесуде есепті 16-минутта Владислав Климович ашып, «Каспийді» алға шығарды. Алайда үзіліске дейін, 42-минутта норвегиялық Берн Йонсен таразы басын теңестірді.

Екінші таймда алаң иелері шабуылды үдетіп, Рамазан Абылайхан мен Сила Кебаның голдарының арқасында қайтадан басымдыққа ие болды. Матч соңына қарай Жасұлан Әмір есеп айырмасын қысқартқанымен, «Ордабасы» жеңілістен құтыла алмады - 3:2.

Осылайша, «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Соған қарамастан, шымкенттік клуб 40 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Каспий» 17 ұпай жинап, 15-орынға жайғасты. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу