Азия чемпионаты: Қазақстанның 16 боксшысы финал жолдамасын сарапқа салады

Қазақстандық боксшылардың басты мақсаты - жартылай финалдық кедергіден өтіп, Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін таласуға мүмкіндік алу.

Азия чемпионаты: Қазақстанның 16 боксшысы финал жолдамасын сарапқа салады ашық дереккөзден

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы U19 және U23 Азия чемпионатында ширек финалдық кезең толық аяқталды. Нәтижесінде 20 елден қатысқан 329 боксшының арасынан 16 мемлекеттің өкілдері кем дегенде қола жүлде алатын болды. 

U23 санатында жартылай финалға ең көп боксшы шығарған ел Өзбекстан - 18 боксшы. Одан кейін Қазақстан (16) мен Үндістан (15) келеді.

12 шілдеде U23 санатындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасынан рингке 16 боксшы шығып, финал жолдамасы үшін бақ сынайды.

Әйелдер арасында Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Анита Адишева (51 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Аяжан Ермек (60 келі), Азиза Исина (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханқызы (+81 келі) жұдырықтасады.

Ерлер арасында Бексұлтан Боранбек (55 келі), Нұрасыл Төлебек (60 келі), Нұрбек Мұрсал (70 келі), Аман Қонысбек (75 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Темірлан Мұқатаев (85 келі), Ибрагим Бетаев (90 келі) және Аслан Елдібайұлы (+90 келі) финал жолдамасы үшін шаршы алаңға көтеріледі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу