Астанада халықаралық теннис турнирі өтуде
Теннисшілеріміз тамаша нәтиже көрсетуде.
ашық дереккөзден
Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан ITF World Tennis W15 халықаралық турнирі қыза түсті. Алғашқы жарыс аптасы өз мәресіне жетіп, енді теннисшілер екінші кезеңде чемпиондық атақ пен рейтингтік ұпайлар үшін таласады.
Бірінші аптада қазақстандық теннисшілер жарқын нәтиже көрсетті. Жекелей сында Аружан Сағандықова финалға дейін жетіп, тек шешуші кездесуде ресейлік Екатерина Маклаковаға жол берді.
Жұптық сында да қазақстандық теннисшілер жүлдеге бір қадам қалды. Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүсебай финалға дейін жеткенімен, шешуші матчта Гайыль Джанг пен Мария Шолохова жұбына есе жіберді.
Енді елордадағы халықаралық дода жаңа қарқынмен жалғасады. World Tennis W15 турнирінің екінші аптасы 19 шілдеге дейін өтеді. Алдағы күндері жанкүйерлер тағы да тартысты матчтар мен қазақстандық теннисшілердің жарқын ойынына куә болмақ.