Қарағандыда жүлде қоры 25 миллион теңгелік халықаралық турнир өтеді

Турнир жас таланттарды анықтауға бағытталған маңызды жарыстардың бірі саналады.

Қарағандыда жүлде қоры 25 миллион теңгелік халықаралық турнир өтеді ашық дереккөзден

14-17 шілде аралығында Қарағанды қаласында үстел теннисінен «Сарыарқа-2026» ашық республикалық жасөспірімдер турнирі өтеді.

Жалпы жүлде қоры 25 миллион теңгені құрайтын жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 200-ден астам жас спортшы қатысады.

Турнир жекелей сында үш жас санаты бойынша ұйымдастырылады. Атап айтқанда, 2007-2009 жылы туған спортшылар, 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер және 2013 жылы туған әрі одан кіші қатысушылар өзара мықтыны анықтайды.

Халықаралық деңгейдегі дода жас теннисшілерге тәжірибе жинақтап, шетелдік қарсыластармен күш сынасуға мүмкіндік береді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу