"Астана" велошабандозы Қытайдағы көпкүндік жарыстың үшінші кезеңінде жеңіске жетті
Бұл Хенок Мулюбырхан үшін 2026 жылғы маусымдағы алғашқы жеңіс болды.
Getty Images
XDS Astana Team командасының велошабандозы Хенок Мулюбырхан Қытайда өтіп жатқан «Цинхай көлдері туры» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңінде топ жарды.
Ұзақтығы 167,7 шақырымды құраған кезең Мэньюань қаласынан басталып, Хучжу елді мекенінде мәресіне жетті. Жарыстың шешуші сәті 127-шақырымдағы соңғы өрлеуде орын алды. Осы тұста Хенок Мулюбырхан командаласы Кристиан Родригеспен бірге негізгі топтан бөлініп шығып, шабуыл жасады.
Көп ұзамай олар алда келе жатқан жалғыз шабандозды қуып жетіп, көш басында шағын топ ұйымдасты. Соңғы шақырымдарда XDS Astana Team велошылары бірлесіп жұмыс істеп, жарыс тізгінін өз қолдарында ұстап, шешуші спринтке қолайлы жағдай жасады. Нәтижесінде Мулюбырхан мәреге бірінші болып келіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Жарыстан кейін қазақстандық клубтың шабандозы командаластарына алғысын білдірді.