Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздік бестікке көтерілді

Өткен демалыс күндері Асу Бакуде UFC 329 турнирінде өнер көрсеткен болатын.

Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздік бестікке көтерілді ашық дереккөзден

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақтағы (flyweight) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылап, үздік бестікке енді.

Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды жеңгеннен кейін қазақстандық файтер рейтингте бесінші орынға көтерілді. Осылайша, ол жапониялық Киоджи Хоригутиді басып озып, үздік бестікке тұрақтады.

Қазіргі уақытта дивизион көшбасшылары қатарында Алешандре Пантожа, Манель Капе, Брэндон Ройвал және Тацуро Таира тұр. Ал чемпиондық белбеу америкалық Джошуа Ванның еншісінде.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу