Юлия Путинцева WTA 250 турнирін жеңіспен бастады
Жарыстың жалпы жүлде қоры 283 347 АҚШ долларын құрайды.
ашық дереккөзден
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды.
Алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 82-орында тұрған қазақстандық теннисші АҚШ өкілі, WTA рейтингінің 111-сатысындағы Клэр Люмен кездесті.
Тартысты өткен кездесуде Путинцева екі сетте жеңіске жетті - 7:5, 6:2. Матч 2 сағат 7 минутқа созылды.
Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалына шығып, ертең 15-маусым күні ресейлік Алина Чараевамен кездеседі.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу