Қазақстан таеквондошылары әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Финалда спортшыларымыз Қытайға есе жіберді.
ашық дереккөзден
Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында өтіп жатқан таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Ұлттық құрама жарысты сенімді бастап, ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда Ресей командасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Алтын жүлде сарапқа салынған шешуші кездесуде қазақстандық таеквондошылар Қытай құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы командалық әлем кубогының күміс медалін жеңіп алды.
Ел намысын бұл жарыста Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Күсетов қорғады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу