Абат Айымбетов «Ақтөбеге» қайта оралды
Тәжірибелі футболшы ақтөбелік клубтың шабуыл шебін күшейтпек.
ашық дереккөзден
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов туған клубы - «Ақтөбе» сапына қайта қосылды.
30 жастағы шабуылшы «Ақтөбенің» соңғы чемпиондығына жол ашқан тарихи голдың авторы ретінде жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2013 жылы чемпиондық маусымда шешуші доп соғып, клуб тарихында өз есімін қалдырған болатын.
Осыдан кейін Айымбетов «Қайрат» пен «Астана» сапында Қазақстан чемпионы атанып, шетелде де бағын сынап көрді. Ол Ресейдің «Крылья Советов», Түркияның «Адана Демирспор» және Румынияның «Петролул» клубтарының намысын қорғады.
Шабуылшы «Ақтөбенің» жастар құрамымен де Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанған. Ал негізгі команда сапында 100-ден астам матч өткізіп, 20-дан астам голдың авторы болды. Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасында маңызды ойындарда көзге түсіп, ел тарихындағы үздік сұрмергендердің алғашқы төрттігіне енді.