«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шыға ала ма?

«Қайрат» соңғы жылдары еурокубоктарда Қазақстан клубтарының абыройын лайықты қорғап келеді.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шыға ала ма? ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы 2026/27 маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі шешуші матч алдында соңғы жаттығуын өткізді. Қазақстан чемпионы бүгін 15-шілдеден 16-шілдеге қараған түні Черногорияның Никшич қаласында жергілікті «Сутьескамен» қарымта кездесуде алаңға шығады.

Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады. Бұл матчтың жеңімпазы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Алғашқы ойын Алматыда өтіп, «Қайраттың» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған болатын. Енді Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне сырт алаңда өз басымдығын сақтап, келесі кезеңге шығу міндеті тұр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу