Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті: Камила Оспанова Азия чемпионы атанды

Бүгін тағы сегіз боксшымыз финалда өнер көрсетеді.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті: Камила Оспанова Азия чемпионы атанды ашық дереккөзден

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы (U19 және U23) бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

U19 санатындағы 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Камила Оспанова финалда әлем чемпионы, Өзбекстан өкілі Мафтуна Янгиевамен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы жоғары шеберлік танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Камила Оспанова жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады.

Айта кетейік, бүгін Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы сегіз боксшысы чемпиондық атақ үшін шаршы алаңға шығады. U19 санатында Айдана Убайдуллақызы (80 кг) мен Зарина Толыбай (+80 кг) финалда өнер көрсетсе, U23 санатында Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Анита Адишева (51 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Азиза Исина (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Құралай Егінбайқызы (80 кг) алтын жүлде үшін жұдырықтасады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу