Алексей Чуркинге Астанада үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Қазақстандық зілтеміршіге елорда төрінде сый-құрмет көрсетілді.

Алексей Чуркинге Астанада үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

Астана қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері әрі ұлттық құраманың мүшесі Алексей Чуркинге үш бөлмелі пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды.

Баспана спортшының халықаралық аренадағы жоғары жетістіктері үшін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мен Қостанай облысының ауыр атлетика федерациясының қолдауымен сыйға берілді.

Салтанатты рәсімде Алексей Чуркин Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиевке жан-жақты қолдауы мен баспана мәселесін шешуге көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Чуркин 2024 жылы Бахрейннің Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алған болатын. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу