Қазақстандық төрешілерге УЕФА Конференция лигасының матчтары сеніп тапсырылды
Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің ойындарына тағайындалды.
16 шілде күні Әзербайжанның Сумгаит қаласында өтетін Беларусьтің БАТЭ және Албанияның «Эльбасани» командалары арасындағы кездесуде қазақстандық төрешілер бригадасы жұмыс істейді.
Матчтың бас төрешісі болып Данияр Сахи бекітілді. Оған қос қаптал төрешісі ретінде Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі. Ал Георгий Чеховский қосалқы төреші міндетін атқарады.
Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру да УЕФА-дан жаңа тағайындау алды. Ол Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласында өтетін жергілікті «Дечич» пен Латвияның «Лиепая» клубтары арасындағы матчқа инспектор болып бекітілді.