«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

21/22-шілде «Қайрат» кипрлік клубпен кездеседі.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды ашық дереккөзден

Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан чемпионы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Черногорияның «Сутьеска» командасымен сырт алаңда кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 68-минутында Исмаил Бекболат есеп ашып, алматылықтарды алға шығарды. Ал 80-минутта Жоржиньо пенальтиден мүлт кетпей, матчтың нүктесін қойды. Бұған дейін, 79-минутта «Сутьеска» қорғаушысы Андрия Разнатович қызыл қағаз алып, алаң иелері кездесуді он ойыншымен аяқтады.

Екі матчтың қорытындысы бойынша Рафаэль Уразбахтин шәкірттері қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Алматыда өткен алғашқы ойында «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Осылайша, алматылық клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтіп, келесі айналымда Кипрдің «Омония» командасымен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу