Қазақстан Азия чемпионатын жалпы есепте екінші орынмен аяқтады

Бокстан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті.

Қазақстан Азия чемпионатын жалпы есепте екінші орынмен аяқтады ашық дереккөзден

Индонезияның Джакарта қаласында өткен бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. 

Қазақстандық боксшылар екі жас санаты бойынша барлығы 11 алтын, 11 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже ұлттық құраманың жалпы есепте екінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

U23 санатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 7 күміс және 3 қола медаль еншілеп, Өзбекстаннан кейінгі екінші орынға ие болды. Бұл жас дәрежесінде Өзбекстан құрамасы 10 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлдемен көш бастаса, үшінші орынға 3 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған Үндістан жайғасты.

Ал U19 санатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Бұл санатта да Өзбекстан құрамасы 11 алтын, 3 күміс және 1 қола медальмен бірінші орыннан көрінді. Үндістан 2 алтын, 7 күміс және 4 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екі жас санаты бойынша жалпы 30 медаль иеленіп, Азия чемпионатын жалпыкомандалық есепте екінші орынмен аяқтады. Өзбекстан құрлық додасының жеңімпазы атанса, Үндістан үздік үштікті қорытындылады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу