Бибісара Асаубаева Women’s Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына шықты
Бибісара 1/8 финалда 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы атанған Дивья Дешмухпен тең түсті.
ашық дереккөзден
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева беделді Women’s Speed Chess Championship онлайн турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.
1/8 финал кезеңінде қазақстандық гроссмейстер әлемдік шахматтың жас жұлдыздарының бірі, Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті.
Кездесу Бибісара үшін қиын басталды. Алғашқы блиц кезеңінде (5+1) Асаубаева қарсыласына 1,5:4,5 есебімен жол берді. Алайда екінші кезеңде (3+1) қазақстандық шахматшы ойын барысын өзгертіп, тең нәтижеге қол жеткізді - 2:2.
Матчтың шешуші сәтінде Бибісара Асаубаева жоғары шеберлік танытып, Дивья Дешмухты 4:1 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін жалпы есеп теңесті.
Жеңімпаз тай-брейк арқылы анықталды. Қосымша партияларда қазақстандық шахматшы сенімді ойнап, 2,5:1,5 есебімен басым түсті.
Осылайша, Бибісара Асаубаева әлемдік деңгейдегі мықты қарсыласын жеңіп, жалпы есепте 10:9 есебімен жеңіске жетті және Women’s Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына өтті.