Қазақстан гандболшылары әлемдік турнирде чемпион атанды

Финалда спортшыларымыз Ливия құрамасын тізе бүктірді.

Қазақстан гандболшылары әлемдік турнирде чемпион атанды ашық дереккөзден

Қазақстан ерлер құрамасы гандболдан халықаралық Interamnia World Cup 2026 турнирінде жеңімпаз атанып, ел тарихында жарқын жетістікке қол жеткізді.

Италияның Терамо қаласында өткен дүбірлі додада қазақстандық гандболшылар қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы бес ойын өткізіп, бес жеңіске жетті. Ұлттық команда Польша құрамасын 29:14, Бельгияны 28:21, Оңтүстік Африка Республикасын 27:11, Италияны 24:11 және Ливияны 20:17 есебімен ұтты.

Жартылай финалда қазақстандықтар Италия өкілдерімен қайта кездесіп, 23:13 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Ал шешуші финалдық ойында Қазақстан құрамасы Ливия командасымен шеберлік байқасты. Тартысты өткен кездесуде отандастарымыз 28:23 есебімен басым түсіп, Interamnia World Cup 2026 кубогын қанжығасына байлады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу