Әлем чемпионатының финалы кейінге шегерілуі мүмкін
Орман өрттері 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына әсер етуі мүмкін.
ашық дереккөзден
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық кездесуі Канададағы орман өрттерінің салдарынан кейінге шегерілуі мүмкін.
Аргентинаның Olé басылымының хабарлауынша, Канададағы ауқымды өрттерден шыққан түтін АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы ауа сапасына кері әсер еткен. Дәл осы штаттағы MetLife Stadium аренасында 19 шілдеде әлем чемпионатының финалы өтуі тиіс.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар мен жергілікті билік ауа сапасын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Испания мен Аргентина құрамалары Нью-Джерсиде финалға дайындықты бастауы керек болғанымен, қолайсыз экологиялық жағдай жаттығу процесіне әсер етуі ықтимал.
Әзірге әлем чемпионатының финалын кейінге қалдыру туралы ресми шешім қабылданған жоқ. Соңғы шешім алдағы күндері ауа райы мен экологиялық ахуалға байланысты қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, 19 шілдеге жоспарланған финалда әлем чемпионы атағы үшін Испания мен Аргентина құрамалары кездесуі тиіс.