Дастан Сәтпаевтың аяқ бұлшықеті әлем назарын аударды

Шетелдік паблик таңданысын жасыра алмады.

Дастан Сәтпаевтың аяқ бұлшықеті әлем назарын аударды Rising Ballers

Қазақстандық жас  талант Дастан Сәтпаев тағы да шетелдік жанкүйерлердің назарын өзіне аударды.

Футбол әлеміндегі танымал Rising Ballers парақшасы 17 жастағы қазақстандықтың физикалық дайындығына ерекше тоқталып, оның аяқ бұлшықетіне таңданысын білдірді.

Бұл неткен керемет! 17 жастағы «Челси» ойыншысы Дастан Сәтпаевтың физикалық дайындығы таңғалдырады. Ол осы жазда алматылық «Қайраттан» «Челсиге» небәрі 4 миллион еуроға ауысты. Өткен жылы небәрі 16 жасында Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасап, 17 жасында ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы атанды. 

Оның балтыр бұлшықеттері Джек Грилишті еске салады. Батыс Лондон сапына тағы бір болашағынан зор үміт күттіретін талант қосылды, - деп жазады Rising Ballers  Instagram парақшасында. 

Желі қолданушылары да қазақстандық футболшының ерекше физикалық дайындығын жоғары бағалап, оның болашағынан зор үміт күтетіндерін жарыса жазуда.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу