XDS Astana Team велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде екінші орынға ие болды

«Тур де Франс» турнирі 26-шілдеге дейін жалғасады.

XDS Astana Team велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде екінші орынға ие болды XDS Astana Team

XDS Astana Team командасының велошабандозы Харольд Техада «Тур де Франстың» Бельфор қаласында өткен 13-кезеңінде екінші орын иеленді.

езең барысында XDS Astana Team сапынан Харольд Техада, Қазақстан чемпионы Николя Винокуров және Давиде Баллерини 58 шабандоздан құралған үлкен қашқындар тобына енді. Баллон д’Эльзас асуында көшбасшылар он шабандозға дейін қысқарып, олардың қатарында Техада да болды. Ал шешуші шабуыл мәреге 15 шақырым қалғанда жасалып, Техада мен Шмид қалған қарсыластарынан ұзап кетіп, кезең тағдырын өзара шешті.

«Жеңіске біртабан жақын болдым. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Әрине, жеңіске жеткім келді. Бірақ осы нәтижеме де ризамын. Алдағы кезеңдерде тағы мүмкіндік болады деп сенемін», - деді Харольд Техада.

Айта кетейік, бұл XDS Astana Team үшін биылғы «Тур де Франстағы» екінші жүлде. Бұған дейін бесінші кезеңде Макс Кантер де екінші орын алған болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу