Қарағандыда «Сарыарқа-2026» республикалық турнирі мәресіне жетті
Жарыста қазақстандық спортшылармен бірге Қырғызстан, Ресей, Өзбекстаннан келген жалпы саны 200-ден астам спортшы сынға түсті.
ашық дереккөзден
Қарағанды қаласында жүлде қоры 25 миллион теңгені құрайтын «Сарыарқа-2026» ашық республикалық жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен турнир аяқталды.
Дәстүрлі додаға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген жас спортшылар қатысты. Жарыс барысында тартысты кездесулер өтіп, жеңімпаздар бірнеше жас санаты бойынша анықталды.
Турнирге қатысқан шетелдік бапкерлер мен спортшылар жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.
Өзбекстанның Ташкент облысынан келген бапкер Георгий Цой Қарағандыдағы турнирлерге үнемі үлкен ықыласпен қатысатынын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ал Санкт-Петербургтен келген бапкер Татьяна Ильина «Saryarka» үстел теннисі орталығының заманауи талаптарға сай екенін және түрлі елдердің спортшыларымен өткен кездесулердің өте қызықты болғанын жеткізді.
Қырғызстандық спортшы Атай Қасымов та жарыстың деңгейіне жоғары баға беріп, келесі жылы қайта қатысуға ниетті екенін айтты.
Жеңімпаздар:
2013 жылы туған және одан кіші ұлдар:
1-орын: Хусейн Искандаров (Өзбекстан)
2-орын: Амир Шириев (Өзбекстан)
3-орын: Олег Яковлев (Қарағанды), Дулат Ералхан (Шымкент)
2013 жылы туған және одан кіші қыздар:
1-орын: Олеся Ильина (Санкт-Петербург)
2-орын: Жания Бекмұхамбетова (Қостанай)
3-орын: Аделя Әлжанова (Қызылорда), Назерке Болатбек (Түркістан)
2010–2012 жылы туған ұлдар:
1-орын: Алексей Маркин (Алматы)
2-орын: Асылхан Мағзұмбеков (Қарағанды)
3-орын: Нұрдәулет Азаматұлы (Өскемен), Ердәулет Бекқұлы (Түркістан)
2010–2012 жылы туған қыздар:
1-орын: Аделина Хасанова (Ташкент облысы)
2-орын: Аружан Камалова (Ташкент облысы)
3-орын: Мария Лукьянова (Қарағанды), Мафтуна Ханиязова (Түркістан)
2007–2009 жылы туған ұлдар:
1-орын: Алан Курманғалиев (Қарағанды)
2-орын: Қасым Нұрислам (Шымкент)
3-орын: Диёрбек Дильшодов, Хуршид Ахмедов (екеуі де Ташкент облысы)
2007–2009 жылы туған қыздар:
1-орын: Әсел Еркебаева (Ташкент облысы)
2-орын: Альбина Жақсылықова (Қарағанды)
3-орын: Дарья Фу (Қарағанды), Нұрсая Нұрман (Өскемен).
«Сарыарқа-2026» турнирі жас спортшылардың тәжірибе алмасуына, халықаралық бәсекелестікті арттыруға және Қазақстанда үстел теннисін дамытуға маңызды үлес қосты.