Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасының спортшылары Румынияда өткен жарыста сәтті өнер көрсетті.

Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды Қазақстан триатлон федерациясы

Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз жарыс жолын 35 минут 41 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.

Күміс жүлдені жарыс қожайыны, румыниялық Тунде Кришан 35 минут 48 секунд нәтижемен иеленсе, Италия өкілі Элис Вентре 35 минут 50 секунд көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жарыста Қазақстанның өзге де спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Алуа Нұрмұхамет 36 минут 3 секунд уақытпен бесінші орын алса, Калерия Шнайдер 36 минут 7 секунд нәтижемен алтыншы болды. Ал Аида Ким 36 минут 13 секунд көрсеткішімен үздік ондықты түйіндеп, тоғызыншы орынға тұрақтады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу