Жәмила Бақбергенова Будапешттегі рейтингтік турнирде күміс жүлдеге ие болды

Венгриядағы рейтингтік турнирде 58 қазақстандық балуан ел намысын қорғауда.

Жәмила Бақбергенова Будапешттегі рейтингтік турнирде күміс жүлдеге ие болды ашық дереккөзден

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Венгрияның Будапешт қаласында өткен рейтингтік турнирде күміс медаль жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда Польша өкілі Виктория Холуймен белдесті. Алтын медаль тағдырын шешкен кездесуде қарсыласы басымдық танытып, Жәмила 2:13 есебімен мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.

Бұл нәтиже қазақстандық балуанның әлемдік рейтингтегі ұпай қорын толықтырып, алдағы ірі халықаралық жарыстар алдындағы маңызды көрсеткіштердің бірі болды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу