Александр Шевченко Гштаадтағы турнирдің жартылай финалында сүрінді
Жеңіліске қарамастан Александр Шевченко әлемдік рейтингтегі орнын біршама жақсартты.
ашық дереккөзден
Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіліс тапты.
Әлемдік рейтингте 100-орында тұрған қазақстандық теннисші финал жолдамасы үшін әлемнің 85-ракеткасы, Грекия өкілі Стефанос Циципаспен кездесті.
Екі сағатқа жуық созылған тартысты матч үш сетке жалғасып, Шевченко 4:6, 6:3, 3:6 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 55 минутқа созылды.
Ойын барысында Александр төрт эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Александр Шевченко Гштаадтағы ATP 250 турниріндегі өнерін жартылай финалда аяқтады. Дегенмен бұл нәтиже оған маңызды рейтингтік ұпайлар әкеліп, ATP рейтингінің келесі жаңаруында шамамен 16 сатыға жоғарылауына мүмкіндік береді.