Дастан Сәтпаев «Челси» сапында алғашқы ойынын өткізді
Дастан Сәтпаев қосалқы құрамда болып, үзілістен кейін алаңға шықты.
ашық дереккөзден
Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы кездесуіне қатысты. Ағылшын командасы Кобхэмдегі жаттығу базасында жабық форматта жолдастық матч өткізіп, «Кроулиді» 3:1 есебімен жеңді.
«Челси» сапынан Лиам Делап, Эммануэль Эмега және Джейми Гиттенс көзге түсті. Кездесу тікелей эфирде көрсетілген жоқ.
17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев матчты қосалқы құрамда бастап, үзілістен кейін алаңға шықты. Бұл оның «Челси» жейдесіндегі алғашқы ойыны болды.
Лондондық клуб келесі жолдастық кездесуін 23 шілде күні өткізеді. Энцо Мареска шәкірттері үшінші дивизионның өкілі «Бромлимен» кездеседі.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу