«Ордабасы» өз алаңында «Елімайды» жеңді
Шымкенттік ұжым турнирлік кестеде көш бастап тұр.
ашық дереккөзден
«Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында семейлік «Елімайды» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда өтті. Матчтың бас төрешісі астаналық Саят Қарабаев болды.
Есепті 7-минутта Берн Йонсен ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда семейлік команда араға бес минут салып жауап қайтарды. Фессу Плакка таразы басын теңестірді. Бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда Ги-Марселин Килама «Ордабасыны» қайтадан алға шығарды.
Екінші таймда шымкенттіктер басымдығын арттыра түсті. 60-минутта Эльхан Астанов пенальтиден мүлт кетпей, матчтың қорытынды есебін белгіледі - 3:1.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу