«Ақтөбе» «Алтайды» еш қиындықсыз жеңді
«Ақтөбе» турнирлік кестедегі ұпай санын 28-ге жеткізді.
kazfootball
Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында «Ақтөбе» сырт алаңда «Алтайды» 4:2 есебімен жеңді.
Бұл кездесу «Ақтөбе» үшін бас бапкер Штефан Таркович қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы ойын болды. Соған қарамастан, ақтөбеліктер сенімді ойын көрсетіп, үш ұпайды қоржынға салды.
Матчтың 20-минутында команда капитаны Иван Ордец есеп ашты. Араға он минут салып Даниэль Соса қонақтардың басымдығын еселей түсті. Екінші таймның басында Темірлан Ерланов үшінші голды соғып, жеңімпаз мәселесін іс жүзінде шешіп қойды.
Ойынның соңына қарай алаң иелері қарымта шабуылға шығып, Дмитрий Подстрелов есеп айырмасын қысқартты. Алайда көп ұзамай испаниялық жартылай қорғаушы Пабло Альварес «Ақтөбенің» төртінші добын соғып, командасының басымдығын қайта ұлғайтты. Қосымша уақытта Никола Джамбор тағы бір гол соққанымен, бұл «Алтайды» жеңілістен құтқара алмады.