«Астана» хорватиялық шабуылшымен толықты
Елордалық ұжым еурокубоктағы өнерін аяқтағанымен, ҚПЛ-да чемпиондық атаққа таласты жалғастырады.
ашық дереккөзден
Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қазіргі уақытта төртінші орында тұрған «Астана» маусымның екінші бөлігінде жоғары орындар үшін күресті жалғастыру мақсатында құрамын күшейтуде. Елордалық ұжым хорватиялық шабуылшы Никола Буричпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
29 жастағы футболшы Загребтің «Динамо» академиясының түлегі. Ол кәсіби мансабында Хорватияның «Рудеш», Словенияның «Домжале» және «Копер», Италияның «Новара» мен «Леньяго Салус» клубтарында өнер көрсеткен.
Өткен маусымда Бурич Албанияның «Эгнатия» сапында ойнап, ұлттық чемпионатта 33 матчқа қатысып, 6 голдың авторы атанды.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу